2026 жылғы 18 ақпанда № 266-VIII ЗРК «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. Құжат креативті экономиканы институционалдық тұрғыдан нығайтуға және сала өкілдеріне мемлекеттік қолдау тетіктерін жүйелеуге бағытталған.
Заң аясында креативті индустрия субъектілерінің тізілімі құрылады. Бұл креативті қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғаларды тіркеу мен есепке алуға арналған онлайн-платформа.
Тізілімді уәкілетті мемлекеттік орган әкімшілендіреді және ол:
Бұл бастама креативті экономиканы қолдаудың жаңа кезеңін айқындайды.
Тізілімді уәкілетті мемлекеттік орган әкімшілендіреді және ол:
- креативті сектор субъектілерін жүйелеуге;
- саланың ашықтығын арттыруға;
- мемлекеттік қолдау шараларын тиімді әрі мақсатты ұсынуға;
- креативті индустриялардың даму динамикасын мониторингтеуге мүмкіндік береді.
Бұл бастама креативті экономиканы қолдаудың жаңа кезеңін айқындайды.
Заңмен уәкілетті органға креативті индустрия субъектілерінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік бірлесіп қаржыландыру шеңберінде жеке инвестицияларды тарту процесіне мониторинг жүргізу өкілеттіктері берілді. Бұл нормалар мемлекеттік және жекеменшік секторлар арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге және инвестициялық белсенділікті арттыруға бағытталған.
Әкімдіктерге креативті кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасау, шығармашыл азаматтар мен таланттарды тану және олардың әлеуетін іске асыру бойынша өкілеттіктер берілді.
Сонымен қатар, заңнамалық деңгейде креативті индустрияларда жұмыспен қамтылған қызметкерлердің құқықтары бекітілді.