Қазақстанда креативті компаниялардың реестрі жасалады
Қазақстанда шығармашылық кәсіп иелерінің бірыңғай тізілімін қалыптастыру жоспарлануда
Креативті индустрияны қолдау туралы заң қабылданды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.
Креативті индустрияға жататын экономикалық қызмет түрлерінің тізбесі (ЭҚЖЖ / ОКЭД)


Бүгінде Қазақстандағы креативті индустрия 12 бағыт пен 43 ЭҚЖЖ (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішін) қамтиды
Creative Kazakhstan агенттігі креативті экономика саласында ғылыми зерттеулер мен аналитикалық талдау жүргізумен қатар, креативті индустрияны дамытуға бағытталған акселерациялық бағдарламалар, қысқа мерзімді білім беру курстары, консалтингтік қолдау және салалық іс-шараларды ұйымдастырумен айналысады.
БІЗДІҢ КОМАНДА
  • АЙГҮЛ МАРАТҚЫЗЫ
    ДИРЕКТОР
    Creative Kazakhstan Agency директоры. Креативті экономика, креативті кәсіпкерлік және креативтілікті дамыту бойынша зерттеуші, тренер және БҰҰ-ның ұлттық консультанты. Қазақстан және Орталық Азиядағы креативті индустриялар саласында стратегиялар, білім беру бағдарламалары және экожүйелік жобаларды әзірлеу бойынша 7 жылдан астам тәжірибесі бар сарапшы.
  • Гүлназ Сапарғали
    Жобалар менеджері
    AlmaU Media and Film School түлегі. Коммуникациялар, цифрлық ілгерілету және визуалды контент жасауға маманданған. PR жобаларды жүзеге асыру, әлеуметтік желілерді жүргізу, контент өндіру және таргеттік жарнаманы іске қосу тәжірибесі бар маман.
  • Зауре Онгарбаева
    Кино және тв-шоу жобалар жетекшісі
    Киноөндіріс және телебағдарламалар саласында контент әзірлеу, продакшн процесін басқару және жобаларды стратегиялық дамыту бойынша сарапшы. Авторлық идеяларды нарық талаптарына бейімдеп, сценарийлік даму, кастинг, түсірілім, пост-продакшн кезеңдерін үйлестіреді. Халықаралық және жергілікті серіктестермен жұмыс тәжірибесі бар, аудиторияға бағытталған сапалы медиажобаларды жүзеге асырады.
  • Аты-жөні
    Зерттеулер жетекшісі
ҚЫЗМЕТТЕР
  • ЗЕРТТЕУЛЕР
    Біз креативті экономика саласында ғылыми зерттеулер жүргіземіз, аналитикалық және статистикалық мәліметтер жинаймыз. Осы деректер арқылы бизнеске, стартаптарға және мемлекеттік секторға стратегиялық шешімдер қабылдауға арналған нақты инсайттар ұсынамыз.
  • БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
    Акселераторлар мен бизнес инкубаторлар жүргіземіз. Қысқа мерзімді курстар, мастер-кластар және арнайы бағдарламалар арқылы креативті индустриядағы стартаптар мен компанияларға бизнесті дамытуға арналған практикалық оқулар ұсынамыз.
  • TURKIC GAME JAM
    Turkic Game Jam — түркі халықтарының талантты ойын әзірлеушілерін біріктіретін халықаралық турнир, инновациялық ойын жобаларын жасауға арналған.
    Инициатива Түркі ойын әзірлеушілер қауымдастығы (TuGDA, TÜRKSOY) арқылы ұйымдастырылады. Creative Kazakhstan агенттігі Қазақстандағы лицензияланған ұйымдастырушы болып табылады.
  • ІС-ШАРАЛАР
    Креативті индустрия өкілдерінің қоғамдық ашық талқылаулары мен питчинг презентацияларын, семинарлар, сондай-ақ секторлар арасындағы нетворкинг пен кәсіби байланыстарды дамытуға арналған іс-шараларды ұйымдастырамыз.
ЖОБАЛАР
Turkic Game Jam финалы
Қазақстанның екі үздік командалары, өз жобаларын Baku Creative Week 2025 креативті индустрия форумы аясында өткен гранд финалда ұсынды
толығырақ
Baku Creative Week 2025
«The Rise of Game Technologies and Cooperation Opportunities» панельдік сессиясында Айгүл Маратқызы спикер ретінде қатысты.
толығырақ
Қазақстан өңірлерінде креативті индустрия саласында жетекшілік ететін мемлекеттік қызметкерлерге арналған оқу семинары
Айгүл Маратқызы Қазақстан өңірлерінде креативті индустрия саласында жетекшілік ететін мемлекеттік қызметкерлерге арналған оқу семинарында "Креативті индустрияны дамыту және басқару" тақырыбында дәріс оқыды
толығырақ
Креативті индустриядағы ЭҚЖЖ тізімін жаңарту бойынша ашық талқылау
Қауымдастықтардың, лигалардың және креативті индустрияның әртүрлі секторларының өкілдерін ашық талқыға шақырамыз
толығырақ
Growth Reimagined / CIM Forum 2025
Британдық Кеңес Черногорияның Котор қаласында өткен Креативті индустриялар және медиа форумында (CIM Forum 2025) Growth Reimagined бағдарламасын ұйымдастырды. Аталған форумға Қазақстан алғаш рет қатысты.
толығырақ
Қазақстанда алғаш рет Turkic Game Jam өтті!
48 сағат ішінде 12 командадан құралған қатысушылар өз идеяларын толыққанды ойын жобаларына айналдырып, нәтижесінде 9 инновациялық ойын жасалды.
толығырақ
ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ
«Creative Kazakhstan» және Туран университетінің зерттеушілері Орталық Азияның креативті индустрияларының интеграциялық әлеуетін зерттеуге бағытталған халықаралық ғылыми-зерттеу жобасын жүзеге асырады.
Ташкенттің креативті индустриядағы білім беру бағдарламалары
Креативті индустрияда білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын Өзбекстан университеттерінің тәжірибесін зерделеу, сондай-ақ академиялық ынтымақтастық пен бірлескен білім беру бастамаларының перспективаларын анықтау мақсатында Ташкент қаласындағы жоғары оқу орындарымен кездесу өтті.
толығырақ
Қырғызстандағы креативті индустрияларды зерттеу
2025 жылғы 28 қарашада Evidence Central Asia — әлеуметтік зерттеулер, мониторинг және бағалау (М&Е), ғылыми шолулар, стратегиялық талдау, бизнес-жоспарлау, саясатты талдау және болжау қызметтерімен айналысатын ұйыммен ресми кездесу өтті. Кездесу барысында Қырғызстандағы креативті индустрияларды зерттеу жобасының нәтижелері, аналитикалық қорытындылар және болашақ даму перспективалары талқыланды.
толығырақ
Ташкент қаласындағы MOC Hub продюсерлік орталығымен ынтымақтастық
MOC Hub продюсерлік орталығының негізін қалаушысы Одыл Мухамедов мырзамен жұмыс кездесуі өтті.
Бүгінде MOC Hub жай ғана креативті кеңістік емес, Өзбекстанның түрлі шығармашылық индустрияларының продюсерлері, авторлары және өкілдерін біріктіретін тұрақты кәсіби қауымдастық болып табылады.
толығырақ
Өзбекстан Республикасының Мәдениет және өнерді дамыту қоры
Мәдениет және өнерді дамыту қоры мемлекеттік мәдени саясатты жүзеге асырады, заманауи өнер жобаларын қолдайды және мәдени мекемелерді дамытуға атсалысады. Қор халықаралық бастамаларға қатысып, креативті индустрияларды дамытуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырады.
толығырақ
Қырғызстандағы креативті индустриялар паркі
2025 жылғы 26 қарашада Қырғызстанның креативті индустриялар паркінің басқарушы директоры және Бақылау кеңесінің мүшелерімен ресми кездесу өтті.
толығырақ
Ташкенттегі KIMYO (KIUT) халықаралық университетіне сапар
Университет Өзбекстанның жетекші жеке жоғары оқу орындарының бірі болып табылады және дизайн, сурет және басқа да шығармашылық пәндер бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Жыл сайын университетте Art-engineering көрмесі өткізіліп, өнер мен технологияның интеграциясын және студенттердің шығармашылық жобалардағы қатысуын көрсетеді.
толығырақ
СЕРІКТЕСТЕР
БІЗБЕН БАЙЛАНЫС
Біз Сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап беруге әрқашан дайынбыз.

+7 707 784-06-02
creativekazakhstan.agency@gmail.com
Қазақстан, Алматы қаласы, Марков көшесі 44
Made on
Tilda